Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аштық жариялаймын": Арыстанбек Мұхамедиұлы кезекті сот отырысында мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысынан. Фото: NUR.KZ

Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір сот отырысы өтуде. Рейдерлік шабуыл бойынша айыпталып жатқан экс-министр кезекті сот процесінде егер құқығы шектелсе, аштық жариялайтынын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Егер менің құқым шектелсе, ресми түрде аштық жариялаймын", - деді ол.

Дегенмен телеарна мәліметінше, сот отырысының басталуынан аяқталуы тез болған. Себебі Мұхамедиұлының мүддесін қорғауға келген екі заңгердің бірі іспен толық таныспаған. Жаңа адвокат судьядан отырысты кейінге шегеруді сұрап, оның өтініші қанағаттандырылған.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, биыл маусымда 8 жылға, тағы үш адам 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Кейін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір сот отырысы өтетіні белгілі болды. Экс-министр рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040283-astyq-zariyalaimyn-arystanbek-muxamediuly-kezekti-sot-otyrysynda-malimdeme-zasady/

pixel