Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір сот отырысы өтеді

Жарияланған күні:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Астанада сотталған Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір сот отырысы өтеді. Жаңа іс Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елорда сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа сот отырысы 28 қыркүйекте өтеді. Бүгін елордада алдын ала тыңдалым өткен.

Адвокат Болат Исатаевтың дерегінше, бұл жолы Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 249-бабы 1-бөлігі (қылмысқа және рейдерлік әрекетке әрекеттену), сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 250-бабы 1-бөлігі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру немесе басқару және билікті асыра пайдалану) бойынша сот алдында жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын (146 миллион теңге сомасында) жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Екі аптадан кейін Ұлттық музейдің сол кездегі директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалғаны оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Биыл 6 сәуірде экс-министр мен өзге де фигуранттарға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотына келіп түскені хабарланды.

20 маусымда сот үкімі шығып, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға, тағы үш адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036817-astanada-arystanbek-muxamediulyna-qatysty-tagy-bir-sot-otyrysy-otedi/