Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шағып алса кім жауап береді?": Ақтауда теңіз жағалауында жүрген жыландар тұрғындардың зәресін алды

Жарияланған күні:

су жылан
Су жыландары. Видеодан кадр: instagram.com/thekarinna

Ақтау тұрғыны қалада биыл жылан көбейгенін айтып, желіде видео жариялады. Жағалауда жорғалаған жыландар адам өміріне қауіп төндіре ме, олар биыл неге ерекше көп? Осыған қатысты қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекшісі Әсима Жұмабайқызы пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтаулық тұрғындардың бірі Instagram-дағы парақшасына теңіз жағалауында түсірген видеосын жариялады. Автор ол жерден кем дегенде 10 жылан көргенін айтады. Расында да видеода жыланның ұзын-қысқа, жуан-жіңішкесін де байқауға болады.

"Демалып келейік деп шығып едік, жағалау "жылан ордасы" болып жатыр екен. Әлде бұл қалыпты жағдай ма, ақтаулықтар?", - деп сауал тастаған видео авторы желіде.

Желі қолданушылары пікірі екіге жарылған. Бірі жыландар шағып алуы мүмкін десе, басқалары оларға тиіспеу керек екенін айтқан. Тіпті жақсы ырымға жорығандар да бар.

"Алла сақтай гөр, шақпай ма әйтеуір? Қорқынышты екен", "Каспийді дәрілеу керек қой, шағып алса кім жауап береді?", "Жыланның аты жылан, абай болыңыздар", "Су жыланы Актауда аягыңа оратылып, жүргізбейді су жағасында", "Жылан жүрсе күн жылы болады. Күз ұзаққа созылады" - деп жазды пікірге желі қолданушылары.

Бұл жағдайға қатысты Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекшісі пікір білдірді.

"Жағалауға шыққан жыландар теңізде жүретін жылан. Адамға ешқандай зияны жоқ. Шақпайды. Олар теңізден 50-60 метрге дейінгі жерге шыға алады. Оның аты - сарыбас су жыланы", - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040370-sagyp-alsa-kim-zauap-beredi-aqtauda-teniz-zagalauynda-zurgen-zylandar-turgyndardyn-zaresin-aldy/