jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Израильдегі "Болашақ" стипендиаттары елге қайтады

Оқиға орны
Израильге палестиналық ХАМАС ұйымы шабуылдады. Фото: Ilia Yefimovich/picture alliance via Getty Images

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Израильдегі соғыс жағдайына байланысты сол елде оқып жатқан "Болашақ" стипендианттары елге қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Израильде "Болашақ" бағдарламасы арқылы 16 адам білім алып жатқан. Оның ішінде Хайфа қаласында 12 студент бар. Қалған 4 студент басқа қалалардағы ұйымдарда тағылымдамаға кеткен. Олар бүгін Қазақстанның эвакуациялау ұшағымен елге қайтарылады", - деді орталықтың баспасөз қызметі.

Агенттік хабарлауынша, орталықтың баспасөз қызметі олардың оқуын жалғастыру мәселесін арнайы қарастыратынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін таңғы 8:00-де Air Astana ұшағы Алматыдан Тель Авивке ұшып кеткен болатын. Қазақстандық студенттер мінген ұшақ елге түнгі уақытта жетеді.

Израильдегі "Болашақ" стипендиаттары елге қайтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.