jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар мінген ұшақ Израильден ұшып шықты (фото)

Израильден Қазақстанға жолға шыққан жолаушылар
Израильден Қазақстанға жолға шыққан жолаушылар. Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін Израильден Қазақстанға репатриациялық рейс ұшты. Ұшақ бортында 166 жолаушы бар, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, оның ішінде 124-і Қазақстан азаматы және 42-сі шетелдік азамат", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтілуде.

Айта кетейік, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Израильдегі соғыс жағдайына байланысты сол елде оқып жатқан 16 "Болашақ" стипендианты елге қайтарылатынын мәлімдеген еді.

Қазақстандықтар мінген ұшақ Израильден ұшып шықты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.