Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы астықты өлкеде неге нан қымбат: өңір әкімі Әйтеке би ауданына барды

Опубликовано:

дүкен сөресі
Сөредегі нан. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында нан 180 теңгеден сатылуда. Бұл облыстағы ең жоғары баға. Нанды қымбатқа сатып отырған ауданды аралаған өңір әкімі Асхат Шахаров ұйымдастыру жұмысына көңілі толмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының тұрғындары нанды бұрыннан қымбатқа сатып алып жүргенін айтады.

"Барлық жерде осы. Ауыл тұрғындары алады. Бұл кеше қойылған баға емес. Бұрыннан осы бағамен сатамыз", - дейді Т. Жүргенов ауылындағы дүкенші Гүлмира Селбаева.

Бұл жағдайды аудан әкімдігі де жоққа шығармады.

"Рас, бізде нан бағасы 180 теңге. Қазір Қостанай облысынан жеке инвесторларды тартып жатырмыз. "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы өз құрал-жабдықтарын әкеліп, нан бағасын 140 теңгеге түсіру ойда бар. Қазір баға қымбат. Оны мойындаймыз. Инвесторлар келсе жобаларын қолдап нан бағасын 140 теңгеге түсіруге тырысамыз. Қазір бізде шағын наубайханалар бар. Бірақ олар сұранысты толық жаба алмайды", - деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бағаны реттеуді тапсырды.

"Облыстағы жоғары баға. Осыны қарау керек. Диқандардың басым бөлігі осында. Ал баға жоғары. Инвестор Қостанайдан келеді дейді. Президент алқаптан сөреге деп тапсырма берді. Сондықтан сіздер де шет қалмаса дейміз. Бұл астықты өлке екенін ұмытпайық. Бағасы басқа. Алдымен бұл жергілікті атқарушы биліктің ұйымдастыру жұмыстарының әлсіздігі", - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040791-aqtobe-oblysyndagy-astyqty-olkede-nege-nan-qymbat-onir-akimi-aiteke-bi-audanyna-bardy/

pixel