Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында Асқар Забикулинге арналған мурал пайда болды (фото)

Опубликовано:

Асқар Забикулинге арналған мурал
Асқар Забикулинге арналған мурал. Фото: Ақмола облысы ТЖД

Степногорск қаласында Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында Асқар Забикулинге арналған жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД ресми сайтында.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы қарашада өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин бейнеленген арт-объект Степногорск қаласындағы 3-МӨСБ ғимаратының алдыңғы жағында орналасқан.

Батыр-құтқарушының портретін Степногорск қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен алматылық AW_borders компаниясы орындаған.

Суретші Абылайхан Сүлейменовтың жұмысына 10 күндей уақыт кеткен.

Степногорск қалалық ТЖБ бастығы Ержан Қаппасовтың айтуынша, мурал батырды еске алу үшін және арнайы кәсіби мереке, 19 қазан – Құтқарушылар күні орай салынған.

"Асқардың ерлігін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл мурал – бізге, сондай-ақ оның қыздарына қалған мұралардың бірі болып табылады. Оның ерлігін ұмытпағандарыңыз үшін көп рақмет және де қолдау көрсеткендері үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін", – дейді Асқар Забикулиннің ағасы Эльдар Забикулин.

Айта кетелік, бұған дейін Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Асқар Забикулинге арналған мурал
Асқар Забикулинге арналған мурал. Фото: Ақмола облысы ТЖД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041042-aqmola-oblysynda-asqar-zabikulinge-arnalgan-mural-paida-boldy-foto/

pixel