jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады деп күтілуде

жапырақтар
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 18 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, сондай-ақ түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.

Ал Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Айта кетелік, бұған дейін синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қандай болатынын болжаған еді.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.