Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жел, көктайғақ: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жол
Тас жол. Көрнекі фото: Pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, қатты жел тұрып, көктайғақ, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін.

Сонымен қатар республиканың батысында түнгі уақытта температура -6 градустан +3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0...-7 градусқа дейін төмендейді, еліміздің солтүстігінде -5 градус +5 градус аралығында құбылады деп күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуынан өткен демалыс күндері 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болған еді. Осыған байланысты полиция жүргізушілерді көліктерін қысқы кезеңге дайындауға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042249-qatty-zel-koktaigaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel