jitsu gif

Бүгін ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтілуде

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сейсенбі, 24 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша тұман түсіп, жел күшейді деп күтілуде.

Айта кетелік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде яғни, 24-26 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.