Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізді деп айыпталған экс-депутатқа қатысты сот қаулысы шықты

Опубликовано:

сот ғимараты
Сот ғимараты. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мас күйде көлік жүргізді деп айыпталған экс-депутат Сәния Мұратоваға қатысты сырттай шешім шығарылды. Өйткені Сәния Мұратова бүгін де сотқа келген жоқ. Судьяның экс-депутатты "мәжбүрлеп әкелу" туралы ұйғарымын орындай алмаған полицияға енді оны қамау міндеттелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сәния Мұратованың кінәсі толық дәлелденді. Хаттама, медициналық сараптама қорытындысы, бейнежазба арқылы дәлелденді. Осы баптың санкциясына сәйкес Сәния Мұратованы 15 тәулікке қамаққа алуды және көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айыру туралы қаулы шықты. Қаулы дереу орындауға жатады. Әкімшілік қамаққа алу мерзімі Ақтөбе облыстық ПД жүктелсін", - деді судья Қайыржан Алашұлы.

Ал сотқа "мәжбүрлеп әкелу" ұйғарымының орындалмауына қатысты сот шешімінде ештеңе айтылған жоқ.

"Сәния Мұратоваға SMS хабарлама жіберілді. Ол бүгін сот отырысына келген жоқ және одан өтініш хаттар түспеді. Қазір сотқа Ақтөбе қаласының прокуроры және инспектор қатысып отыр", - деді сот хатшысы.

Судья Қайыржан Алашұлы инспекциядан "барлық жерден іздедіңіз бе?" деп сұрады.

"Иә, үйлеріне бардық, таба алмадық", - деді сот залында айыпталушыға хаттама толтырған полиция инспекторы.

Прокурор істі қорытындылауға қарсы болмады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор Дәулет Төлеуов.

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару" бабымен қаралған іс сотқа 20 қыркүйек күні түсті. 21 қыркүйек қыркүйек күні сағат 11:50-де WhatsApp желісі арқылы қарау туралы ұйғарым шықты. Бірақ сот күні Сәния Маратова байланысқа шықпады және себебін түсіндірмеді. Кейін сот кабинетінде сот отырысына қатысуы үшін айыпталушыны күштеп әкелу туралы ұйғарым шықты. Бірақ соттың ұйғарымы орындалған жоқ.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Сәния Мұратова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің "Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бабымен алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Оған дейін депутаттық мандатынан айырылды.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042615-aqtobede-mas-kuide-kolik-zurgizdi-dep-aiyptalgan-eks-deputatqa-qatysty-sot-qaulysy-syqty/

pixel