jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Арыста оқушы қыз әлемнің 21 университетінен оқуға түсуге шақырту алды

оқушы ноутбукпен жұмыс істеуде
Ноутбукпен жұмыс істеп отырған оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Арыс қаласының 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілхан әлемнің 21 университетінен оқуға түсуге шақырту алды, деп хабарлайды Otyrar.

Басылымның жазуынша, мектеп оқушысы өткен жылдан бері ағылшын тілінен халықаралық емтихан тапсыруға дайындалған. Сонымен қатар ол 6-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгерген. Осылайша, емтихан тапсыру кезінде жоғары балл жинаған Шапағат Сейілхан әлемнің 21 университетінен оқуға түсу бойынша шақырту алған.

"Мен екі университеттің бірін таңдағым келеді – Калифорния немесе Чикаго университеті. Өйткені, Чикаго университеті АҚШ-та ғана үздік емес, әлем бойынша озық", – дейді 11-сынып оқушысы.

Мектеп оқушысының пікірінше, оның шетелдік университетке түсуіне дұрыс жазылған мотивациялық хаты себін тигізген.

Шапағат Сейілхан халықаралық қатынастар факультетінде оқығысы келеді. Оқуын аяқтаған соң Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 18 жастағы алматылық оқушы Динара Қалихан әлемнің үздік 26 оқу орнынан шақырту алған болатын.

Атырауда да тағы бір оқушы Асқар Әлмұхамедов әлемнің ең үздік 5 университетінен шақырту алғанын жазған едік.

Арыста оқушы қыз әлемнің 21 университетінен оқуға түсуге шақырту алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.