jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Костенко шахтасындағы апат: Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті

Кеншінің құрал-сайманы
Кеншінің құрал-сайманы. Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Костенко атында шахтада болған апаттан қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем белгіленгенін хабарлаған еді.

Костенко шахтасындағы апат: Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.