Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаппай астан уланып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

аудандық аурухана дәрігерлері
Байзақ ауданының орталық ауруханасы. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен екі мұғалім астан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі өкілдерінің сөзіне қарағанда Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған 35 адамның жағдайы орташа, тұрақты.

Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы алғаш 7 қараша түстен кейін әлсіздік, құсу белгілері бойынша дәрігерге жүгінген.

"Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Бұл мәселе бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия республикалық мамандар, анестезиолог, педиатр, токсикологтар және инфекционистерден тұрады", - дейді әкімдіктегілер.

Кеше сағат 23.00-ге дейін өзін жайсыз сезінгендердің жалпы саны 46 адамға жеткен (2 мұғалім, 44 бала).

"46 адамның 35-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикпен емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды", - делінген хабарламада.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларды тексерген.

Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ екені анықталған.

Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясын тамақпен қамтуға жауапты ЖК "Тоқсейітов" жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды.

Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүруде.

Әкімдік мәліметі бойынша "Тоқсейітов" жеке кәсіпкерлігі – Жамбыл облысында мектеп тамағын ұйымдастыратын ірі жеткізуші. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы компания Байзақ ауданындағы 26 мектепте 245 млн теңгеге келісімшарт жасасқан.

Автор: Ұлдана Жұбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044628-zambyl-oblysynda-mektep-oqusylary-astan-ulanyp-auruxanaga-tusti/

pixel