Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада өлтірілген Бишімбаевтың жұбайы Павлодар экс-әкімінің туысы екені расталды

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі марқұм Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені анықталды. Бүгін марқұмның туған қаласында онымен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, марқұм әйелдің туыстары оның туған қаласы — Ертісте тұрады. Павлодар экс-әкімі Қайрат Нүкеновтың айтуынша, Салтанат Нүкенованың туыстары онымен қоштасу рәсімін ұйымдастырумен айналысқан.

"Қазір ешнәрсе сіздерге айта алмаймын. Қиын жағдай, көп рахмет...", — деді Павлодар қаласы экс-әкімі Қайрат Нүкенов.

Қайрат Нүкенов
Қайрат Нүкенов. Фото: pavlodarnews.kz

Салтанат Нүкенованың колледжде бірге оқыған достары да ол жайлы жақсы пікір айтуда. Олар Салтанаттың мейірімді әрі ақкөңіл, ата-анасының сүйікті қызы болғанын айтты.

"Ол өте ақылды, әдемі, өз-өзіне бас болған бойжеткен еді. Жазасыздық (салдары — ред.). Ол (Қуандық Бишімбаев — ред.) 10 жылға сотталып, жазасының тек бір жарым жылын түрмеде өтесе, бұл нені білдіруі мүмкін? Демек ол кез келген жағдайда мерзімінен ерте бостандыққа шыға алатынына сенімді болып отыр деген сөз", — деді Павлодар қаласының мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, 9 қарашада бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада ұсталғанын хабарлады. Экс-министр елордалық мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп ұрып-соққаны айтылды.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел қаза тауып, жарақат алғанын растады. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлер бұл іске қатысы бар адамдардың есімін атамаған.

Бишімбаевтың ұсталғанын тек кеше, 10 қарашада ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

Сонымен қатар кеше, қарашаның 10-ы Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарағанын жазған едік. Сол күні Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі қарашаның 11-і, яғни бүгін таңертең Павлодарда өтетіні туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045239-astanada-koz-zumgan-bisimbaevtyn-zubaiy-pavlodar-akiminin-tuysy-bolgany-rastaldy/