jitsu gif

БАҚ: Болат Назарбаев ауруханада қайтыс болды

Болат Назарбаев
Болат Назарбаев. Фото: saliqaly.kz

Қазақстандық бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлап жатыр. Алайда әзірше ақпаратты ресми дереккөздер растаған жоқ.

Мысалы порталдар Болат Назарбаевтың жансақтау бөлімінде жүрегі тоқтап қалғанын жазған.

KAZ.NUR.KZ редакциясы ресми органдардан ақпараттың рас-өтірігін сұрап, сауал жолдады.

Бұған дейін Болат Назарбаев ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. Медициналық мекеме науқастың жағдайы туралы мәліметті емделушінің туысқандарының рұқсатымен ғана жария ете алатынын жеткізген.

Еске салайық, былтыр жазда Болат Назарбаев онкологиялық ауруы анықталғаны хабарланған еді. Содан кейін экс-президенттің інісі фотодағыдай күйде болған. Суреттің Болат Назарбаевты ауруханаға жатқызу туралы ақпараттан кейін жарияланғаны да назар аудартады. Ал Орталық клиникалық аурузанасының баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне оның денсаулық жағдайы туралы айтып берген еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.