Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Нүкенованың өлімі: ІІМ орынбасары тергеудің мән-жайын айтты

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сенат кулуарында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Марат Қожаевтан Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын сұрады.

"Баршаңызға да осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, қажетті сараптамалар мен процесуалдық шаралар жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Сот-медициналық сараптама әдетте бір ай ішінде барлық ілеспе гистологиялық және т.б. зерттеулермен қатар жүргізіледі. Барлық қажетті биометриялық материал алынды. Сараптама жасалады", - деп жауап берді спикер қойылған сауалға.

Марат Қожаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова нақты қашан көз жұмғаны тек медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң белгілі болады.

"Тағы қайталап айтамын, бұл мәліметтің барлығы сотқа дейінгі тергеуге қатысты. Сондықтан бұл ақпаратты сіздерге ашып айта алмаймын, өйткені әзірге барлығы зерттеу сатысында", - деді ол.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған. Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро орталығының" директоры да қамауға алынғанын жазған едік.

Айта кетсек, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

Сонымен қатар 10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тараған. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталғанын жазған едік.

12 қарашада Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Ал қарашаның 15-і мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап еткені туралы жазған едік.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Сүлейменова зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қылмыс деп танитын уақыт жеткенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046028-saltanat-nukenovanyn-olimi-iim-orynbasary-tergeudin-man-zaiyn-aitty/

pixel