jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Сібір жарасын" жұқтырды делінген елорда тұрғынының диагнозы расталған жоқ

Медициналық қызметкер
Медициналық қызметкер. Көрнекі фото: pexels.com

"Сібір жарасы" диагнозы қойылды деген астаналық тұрғын елорданың инфекциялық аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды. Министрлік ресми сайтында пациентте бұл диагноз расталмағанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Пациент уақтылы профилактикалық ем алды. Аурудың клиникалық белгілерінің болмауын, пациенттің денсаулығының тұрақты қанағаттанарлық жағдайын ескере отырып, клиницистер алдын ала қойылған "Сібір ойық жарасы" диагнозын растаған жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Министрлік үздік сарапшы инфекционист дәрігерлерді, жетекші ғалымдарды (М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы), санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарын тарта отырып, осы жағдайды талдау бойынша қосымша консилиум өткізілгенін хабарлады. Мамандар зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша бұған дейін қойылған диагнозды алып тастады

"Бүгінгі таңда пациент қанағаттанарлық жағдайда стационардан шығарылды", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елордада 1 адам сібір жарасын жұқтырғанын жариялаған еді.

"Сібір жарасын" жұқтырды делінген елорда тұрғынының диагнозы расталған жоқ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.