Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жеті жылға сотталған Ұлыбритания азаматы ақталды

Опубликовано:

судья
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында жеті жылға сотталған Ұлыбритания азаматы ақталды. Ағылшын азаматына шекарадан тыйым салынған заттарды ап өтпекші болған деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі. 

Сарыағаш ауданында орналасқан "Жібек жолы" бекетінде Ұлыбритания азаматы Повнер Джонсон Өзбекстаннан Қазақстанға өту үшін келген. Шекарадағы тексеру кезінде ағылшын азаматының әмиянынан тыйым салынған психотропты зат табылды деп айып тағылған. Сарыағаш аудандық соты ұлыбританиялықты кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. 

"Осы құқық бұзушылық үшін Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Повнер-Джонсон Зак Карл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

Сотталған ағылшын азаматы мен оның адвокаты сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берді. 

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында сотқа дейінгі тергеу барысында шетел азаматының құқықтары бұзылғанын анықтаған.

"Атап айтқанда күдіктінің әмиянын онымен бірге шекарадан өткен куәдан Н.А. алып қою және осы әмиянды күдіктіге П.-Дж. табыстау әрекетінде құқықтарының бұзылғанын, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерін білмегендіктен, П.Дж.-ға сотқа дейінгі іс жүргізу барысында өзінің ана тілі ағылшын тіліне және іс жүргізу құжаттарының аудармаларына тең құқылы аударма құқығынан шектелгені анықталған", - дейді сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Апелляциялық алқада прокурор бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. 

Ал сотталушы сотта кінәні мойындамадым, әмиянның оған тиесілі екенін түсіндірдім, бірақ оның ішінде психотроптық заттары болмағанын және олардың қайдан шыққанын білмейтінін жеткізді. Осыған байланысты ол бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюды сұрады.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімі жойылып, сотталушыны ақтау жөнінде жаңа үкім шығарылды.

"Сонымен қатар сот алқасы шекара қызметкерлерінің іс әрекетін тексеру жөнінде жеке қаулы қабылдады. Жеке қаулыға сай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп, қабылданған шаралар жөнінде бір ай ішінде сотқа хабарлау тиіс",- делінген хабарламада.

Авторы: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046407-turkistan-oblysynda-zeti-zylga-sottalgan-ulybritaniya-azamaty-aqtaldy/

pixel