jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында жоғалған 8-сынып оқушылары Хромтаудан табылды

Ақтөбе облысында жоғалып-табылған қыздар
Ақтөбе облысында жоғалып-табылған қыздар. Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған әпкелі-сіңілі қыздарды полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Хромтау қаласынан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қыздар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың әжесі шақырылған. Алайда полицейлер олар қандай себеппен Хромтауға кешігіп барғанын нақтыламады. Қыздар бұл қалаға әжесінің үйіне баруы керек болған. Алайда сол күйі олардан хабар болмаған.

Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдірді.

Ақтөбе облысында жоғалып-табылған қыздар
Ақтөбе облысында жоғалып-табылған қыздар. Фото: polisia.kz

Бұған дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұратын келіншек қос қызына іздеу жарияланған еді. Алдыңғы күні кешкілік үйден шыққан мектеп оқушылары іс-түссіз жоғалып кеткенін жазған едік.

Бесқұдық ауылында тұратын 13-14 жастағы апалы-сіңлілі қыздар үйінен кеше кешкі сағат 16:00 шамасында шыққан. Кәмелет жасқа толмағандарды іздеуге Ақтөбе облысы ПД жеке құрамы және Zello Poisk еріктілері жұмылған еді.

Ақтөбе облысында жоғалған 8-сынып оқушылары Хромтаудан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.