Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақын арада аяқтаймыз": ІІМ басшысы Бишімбаевтың ісін тергеу бойынша сауалға жауап берді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: primeminister.kz

Сенат кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты қатысты пікір білдіріп, тергеу жақын арада аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. "Гастро орталықтың" директоры туысы болып шықты. Бүгінгі күні қылмыстық іс тергелуде, ешқандай мәселе жоқ, жақын арада аяқтаймыз.

Барлық тұлға анықталды және Қылмыстық процесс айналасындағы олардың мәртебесі бар. Жазба (қылмыс орнындағы бейнекамералар – ред.) қалпына келтірілді. Іс ретімен жүріп жатыр", — деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған. Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынғанын жазған едік.

Айта кетсек, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

Сонымен қатар 10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тараған. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталғанын жазған едік.

12 қарашада Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Ал қарашаның 15-і мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап еткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047301-zaqyn-arada-ayaqtaimyz-iim-bassysy-bisimbaevtyn-isin-tergeu-boiynsa-saualga-zauap-berdi/

pixel