Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қар жауды (фото)

Опубликовано:

Қар жаууы сәті
Қар жаууы сәті. Фото: NUR.KZ

Биыл Астанада алғаш рет қалың қар жауды. Қала тұрғындары өзара елордаға "шынайы" қыс келді деп әзілдеп, қуанышқа бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл ауа райы біразға дейін Астана тұрғындарының көңілінен шықты. Бүгін түскі уақытта қалада көпшілік көптен күткен қар жауды. Ал кешке қарай айналаның бәрі мамыққа айналғандай жерді үлпек қар басқан.

Қар үстінде ойнап жатқан бала
Қар үстінде ойнап жатқан бала. Фото: NUR.KZ

Әсіресе қар жауғанына балалар ерекше қуанған.

Астанада жауған қар
Астанада жауған қар. Фото: NUR.KZ

Астанада жауған қар
Астанада жауған қар. Фото: NUR.KZ

Астанада жауған қар
Астанада жауған қар. Фото: NUR.KZ

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Астанада қар жауады деп болжаған болатын. Сонымен қатар түнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 11,4 м/с шамасында болады деп күтіледі.

Кеше, 22 қарашада ауа райы нашарлауына байланысты Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ қазанның 27-сі Астана полицейлері жүргізушілерге үндеу жасаған.

Негізі елордада қар қазан айынан бері жауа бастаған еді.

Қазақстанда өткен аптаның соңынан бері ауа райы қолайсыз күйде – елдің орталық бөлігінде жолдарды мұз басқан, ал батыста қатты жел болуы мүмкін деген болжам бар.

Оған қоса бүгін, 23 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қыста рейстердің жиі кешігуінің себебі – ұшақтың баратын жеріндегі ауа райы қолайсыздығына да байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

"Рейстер қыста жиі кешіктіріледі. Бірақ бұл әуежайдың қысқа дайындығы жоқ деген сөз емес. Көп жағдайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақ ұшып шықпауы немесе қонбауы мүмкін. Сонымен қатар бас қалада ауа райы жақсы болса да, ұшақтың баратын жерінде ауа райы нашар болған жағдайда да рейс кешіктірілуі мүмкін", – деді Руслан Пыштанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047353-astanada-qar-zaudy-foto-video/

pixel