jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Көктайғақ және боран": бүгін еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Тоғай бұтағында отырған құс. Көрнекі сурет
Тоғай бұтағында отырған құс. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер 25 қараша күні еліміздің 12 өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстанда және Ақмола облысында дау. "Қазгидромет" РМК ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, бүгін елордада түнде және таңертең тұман, бұрқасын күтіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер болжауынша, бүгін Астанада көктайғақ болып, жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ал ауа температурасы күндіз термометр -1 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендейді.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ және 25 м/с жылдамдықпен дауыл соғады. Мамандар ертең Көкшетау жолдарында көктайғақ болатынын ескертті.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен батысында және оңтүстігінде, сондай-ақ облыс орталығы – Петропавлда көктайғақ, қарлы боран соғуы ықтимал.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, екпіні 15-20 м/с болатын желдің күшеюі күтіледі. Сонымен қатар бүгін Ақтөбеде көктайғақ, түнде бұрқасын болуы мүмкін.

Айта кетейік, мамандар бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

"Көктайғақ және боран": бүгін еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.