Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де дәл сіздердей құлазыдым": Павлодар облысының әкімі 7 жасар қыздың өлімі туралы айтты

Опубликовано:

Ойыншық
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде 7 жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асайын Байханов Екібастұзда осындай 78 отбасы бар екенін айтты. Жалпы облыс бойынша олардың саны 300-ден асады екен.

"Әрине, қызметтер бұл жұмыспен айналысады. Негізгі кінә жергілікті әкімдікте, себебі ата-аналардың, атап айтқанда аналардың этикаға жат қылықтарына назар аудармаған және бұл туралы уақтылы хабарламаған. Бұл Екібастұздан 65 шақырым жерде орналасқан ауыл. Ал бұл ауылда, шешесі (қайтыс болған Милана Давыдованың шешесін айтып тұр - ред.ескертпесі) тұрған бөлігінде жеті үй ғана бар. Ауыл бір ауылдық округке кіретін үш-төрт елді мекеннің біріне кіреді. Сіздер сияқты мен де құлазыдым", - деді ол.

Өңір әкімі жергілікті билік тиісті қорытынды жасады деп сендірді.

"Өздеріңіз де түсініп отырсыздар, біз қорытынды жасадық. Жұмыс жүргіздік. Мен Екібастұзда кеңес өткіздім, біз әрбір әлеуметтік және мемлекеттік қызметтің кінәсін егжей-тегжейлі талдап, тиісті шешім қабылдадық", - деп толықтырды Байханов.

Сондай-ақ әкім жауаптылар жазалана ма деген сұраққа жауап берді.

"Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және әрбір лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бар, қылмысты жасаған немесе жасады деген күдікке ілінген адамдардың да жауапкершілі бар", - деді ол.

Байханов полицейлер осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатқанын еске салды.

"Полиция қазір іс жүргізіп жатыр, бәрін жан-жақты зерттеп жатыр. Менің ойымша, бұл бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Бірақ қазір бұл тізімде анықтау өте қиын жаңа тұлғалар пайда болады. Сондықтан біз бұл жұмысты күшейтеміз. Менің ойымша, бұл шын мәнінде қорқынышты жағдай. Өкініштісі, мұнда іс қатысы бар барлық адамның кінәсі бар. Мұны учаскелік инспектор да, ауыл әкімі де, әлеуметтік қорғау қызметі де, көршілері де байқамады. Мұндай мәселе бар екенін ешкім хабарламады. Әдетте ауылдық жерлерде қандай да бір заңсыз әрекеттер туралы ақпарат тез таралады. Бірақ бұл туралы ешкім хабарлаған жоқ", - деді Павлодар облысының әкімі.

Еске салайық, 18 қыркүйекте Павлодар облысында 7 жасар қыз жоғалып кеткені белгілі болды. Үшінші сынып оқушысы 17 қарашада үйден шығып, оралмаған. Кейінірек қызды іздеуге 300-ден астам адам мен 70 техника, сондай-ақ тікұшақ тартылған. Алайда, 19 қарашада жоғалған қыздың өлі табылғаны белгілі болды. Кейінірек кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның анасы мен оның танысын ұстады. Олар қылмысын мойындағаны хабарланды. Кейінірек трагедияның егжей-тегжейі белгілі болды. Отбасының басқа балалары да қолдау орталығына жіберілді.

Ал өткен аптада Павлодар облысының әкімі Павлодар облысының әкімі бірнеше шенеунікті жазалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047776-men-de-dal-sizderdei-qulazydym-pavlodar-oblysynyn-akimi-7-zasar-qyzdyn-olimi-turaly-aitty/

pixel