Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жоғалған 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен оның анасы ұсталды

Опубликовано:

Павлодар облысындағы іздестіру жұмыстары
Павлодар облысындағы іздестіру жұмыстары: polisia.kz

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері қылмыс ізін жасырған анасы мен оның танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындағаны айтылады.

Кісі өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, олардың ішінде Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда жоғалған 7 жасар қыз өлі табылған еді. Сәби 17 қарашада Екібастұздан 50 шақырым жерде орналасқан Бесқауға ауылында жоғалып кетке. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан іздеу екі күнге созылды.

Павлодар облысында кеше жоғалып кеткен 7 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. Қыздың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те келіп түсті. Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана онда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046547-ekibastuzda-zogalgan-7-zasar-qyzdy-oltirdi-degen-kudikpen-onyn-anasy-ustaldy/

pixel