Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өрт шыққан хостелде қай ЖОО студенттері тұрып келген

Опубликовано:

Өрт болған жатақхана кіреберісі. Алматы. 30 қараша, 2023 жыл
Өрт болған жатақхана кіреберісі. Алматы. 30 қараша, 2023 жыл. Фото: Ардақ Құлтай

Алматыда өрт шыққан хостелде тұрған 12 студент - алты жоғары оқу орнында оқитыны анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Басқарма басшысы хостелде тұрған 72 адамның 12-сі студент деп отыр.

"Олар  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Спорт және туризм академиясы, Энергетика және коммуникациялар университеті, Каспий университеті, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері болатын", - деді Әзиз Қажденбек.

Алматыдағы хостелде болған өрт

30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазіргі таңда хостел иелері іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048561-almatyda-ort-syqqan-xostelde-qai-zoo-studentteri-turyp-kelgen/

pixel