jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістан облысында 4 жасар балақайды іздеу жұмыстары жалғасуда (видео)

Айбар Алдиярұлы
Айбар Алдиярұлы. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысында 4 жасар Бақыт Айбар Алдиярұлын іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

ІІМ мәліметінше, балақайды іздеу жұмыстарына еріктілер, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары қосылған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері бүлдіршінді іздеуде дрон мен иісшіл иттерді пайдалануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған 4 жасар баланы іздестіріп жатқанын хабарлаған еді. Ол кешеден бері табылмай жатыр.

Кішкентай Айбардың бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған. Полиция қызметкерлері балақайды көрген-білген адамдар болса, шұғыл түрде полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Түркістан облысында 4 жасар балақайды іздеу жұмыстары жалғасуда (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.