Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көретін жарығың бар екен": Түркістан облысының тумасы Алматы хостеліндегі өрттен қалай аман қалды

Опубликовано:

Рамазан Әміралиев пен Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары
Рамазан Әміралиев пен Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары : YouTube / Арман Беккалиев

Түркістан облысының тумасы Рамазан Әміралиев есімді азамат Алматыдағы хостелде өрт болардан бірнеше күн бұрын ауылына қайтып кеткен. Осылайша ол аман қалыпты, деп хабарлады Otyrar.

Басылым жазуынша, Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары 20 жастағы Рамазан Әміралиев Шымкенттегі медреселердің бірінде оқитынын айтты. Ол Алматыға жұмыс бабымен келіп, өткен аптада өрт шыққан хостелде тұрған еді.

Қайғылы жағдайдан бірнеше күн бұрын жас жігіт Сарыағаш ауданына оралғаны белгілі болды. Ата-анасы жас азаматты Ташкентте белгілі бір тексерістен өту мақсатында үйге оралуын өтінген. Бүгінде жас жігіт ата-анасының жанында.

"Туылған күнің құтты болсын. Енді туған күніңді жылына екі рет тойлайтын болдың. Сен туралы қазір бір ауыл ғана емес, бүкіл республика шулап жатыр. Мұғалімдері сабаққа келмей жүр деп қоңырау шалған дейді. Көретін жарығың бар екен. Бұл қонақүйде қалғаныңда, не боларын кім білсін", – деді Дербісек ауылы әкімінің орынбасары Рамазанға қарата сөйлеп.

Алматыдағы хостелде болған өрт

30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Ади Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Кейін хостел иелері іздестіріліп жатқаны туралы хабарланған болатын.

Ал 1 желтоқсанда Алматыда 13 адам өрттен көз жұмған хостелдің егесі ұсталғаны туралы жазған едік. Арнайы прокурорлар "Алматы-Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен. Мекемені жалға беруші қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048841-almatydagy-xostelde-syqqan-ortten-qaza-tapty-dep-eseptelgen-qazaqstandyq-tiri-bolyp-syqty/

pixel