Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар да қашықтан оқуға ауыстырылды

Опубликовано:

балақай
Балақай. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар да қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорадық білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"5 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бірінші ауысымда оқитын оқушылар бүгін онлайн оқитынын хабарлаған едік.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан Астана жолдары көктайғақ. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуде. Олар түннен бері жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049175-astanada-ekinsi-auysymda-oqityn-oqusylar-da-qasyqtan-oqytuga-auystyryldy/

pixel