Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының әкімі Бишімбаев ісіндегі шыны зауыты туралы айтты

Опубликовано:

Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жемқорлық ісіне қатысы бар Қызылордадағы шыны зауытының бүгінгі жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер облыс әкімі өз баяндамасында Orda Glass Ltd шыны зауытының тұрақты жұмыс істеп жатқанын айтқанын атап өтті. Олар бұл зауыттың өнімдерін кім сатып алатынын сұрады.

Нұрлыбек Нәлібаев жауабында шыны зауыты 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілгенін еске салды. Әкімнің сөзінше, зауыт жылына 197 мың тонна түрлі шыны бұйымын шығарады.

"167 мың шыны өнімі шығарылады, оның 70 пайызы ел ішінде, көршілес облыстарға, қалған 30 пайызы Тәжікстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанға экспортталады.

Қазір зауыт басшылығы өнім көлемін ұлғайту мүмкіндігіне ие болғандықтан, Еуропаға экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта қолайлы жағдайда зауыт өнімдері Еуропа елдеріне экспортталатын болады", - деді аймақ басшысы.

Әкім бұл зауытта 400 адам жұмыс істейтінін айтты.

"Жалақы жақсы, салықтар уақытылы төленеді. Облысқа да, елге де үлкен зауыт керек, басқа өңірлерде мұндай зауыттар жоқ, сондықтан оның жұмыс істеу мәселесі қатаң бақылауда.

Үкімет басшысы осы зауытта болып, зауытты кеңейту жөнінде тапсырма берді. Жалпы құны 130 миллиард теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын зауыт жанынан сегіз кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз", - деді әкім.

Еске салайық, 2018 жылы наурызда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мемлекет қаржысын жымқырып, пара алды деп айыпталып, 10 жылға сотталған болатын.

Сол кездегі "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасы Бишімбаев ведомствоға тиесілі "Orda Glass" ЖШС және оның мердігері "Шымкенхиммонтаж" ЖШС арқылы Қызылорда қаласында шыны өндіру және өңдеу зауытын салу арқылы 1 миллиард теңгені жымқыру үшін қылмыстық схема ұйымдастырғаны әшкереленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049694-qyzylorda-oblysynyn-akimi-bisimbaev-isindegi-syny-zauyty-turaly-aitty/

pixel