Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
Жарияланған күні:
Парламент мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясының кулуарында Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы мақала БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева әйелін ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген ҰЭМ экс-басшысы Қуандық Бишімбаевтың ісі Қазақстанның имиджіне әсер еткенін атап өтті.
"Әрине, бұл оқиға Қазақстанның имиджіне әсер етті. Мен бұл оқиғаның БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Бірақ бұл кез келген елде болуы мүмкін еді. Әрине, біз үшін ,"Орталық Азия әйелдерінің диалогына" төрағалық ететін ел үшін бұл оқиғаның болғаны өте өкінішті. Қайғырып, көңіл айтамын", - деді ол.
Еспаева бұл оқиғаны әлеуметтік желіден оқыған сайын жүрегі ауратынын жеткізді.
"Мұндай болмауы керек еді. Бүгін біз статистикамен сөйлейтін болсақ, бұндай жайттар әдетте нашар отбасыларда болады деп айтамыз. Бірақ бұл жерде ауқатты отбасында, білімді адам болса, бұл өте қорқынышты. Өкінішке қарай, осындай жағдай болды", - деді Еспаева.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарады. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталған болатын.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Қарашаның 15-інде мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап етті.
Ал қарашаның 26-сында Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы санкцияланған митинг өтіп, оған қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы да қатысқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049015-mazilismen-buu-saitynda-bisimbaevtyn-isi-turaly-maqala-zariyalanganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.