Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы "саунасындағы балалар лагеріне" қатысты жанжал: қылмыстық іс сотқа жіберілді

Опубликовано:

блокнот және ақша
Блокнот және ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы прокуратурасы 12 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысына қатысты істі сотқа жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды

"Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекет ету фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Алматы маңындағы балалар лагеріне қатысты жанжал

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қаласының сыртында орналасқан балалар лагерінен видеокадрлар пайда болды. Ата-аналардың сөзінше, лагерь саунаның ішінде жасақталған.

Алматы қалалық білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа беретінін хабарлады. Бөлім тиісті талап-арыз дайындауға уәде берді.

Ал Оқу-ағарту министрлігі бұл факті анықталғаннан кейін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қадағалайтын жедел мобильді топ құрылғанын хабарлады. Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шулы лагерьдің жағдайын жеке бақылауына алды.

Сондай-ақ Алматы прокуратурасы қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Прокурорлар лагерь жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қалалық білім басқармасының бюджетінен қаржыландырылғанын анықтады.

Қылмыстық істерді тергеу оңтүстік астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүктелген.

Антикор сауна ішінде жасақталған балалар лагері жанжалына байланысты Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығының ұсталғанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050574-12-mln-tenge-para-almaty-saunasynda-zasaqtalgan-balalar-lagerine-qatysty-qylmystyq-is-sotqa-ziberildi/

pixel