"Алматы-Ташкент-Термез" тасжолы көктайғаққа байланысты жабылды
Жарияланған күні:

Алматы облысында "Алматы-Ташкент-Термез" бағытындағы тасжолда көлік қозғалысы тоқтатылды. Уақытша шектеулер көктайғаққа байланысты енгізілді, деп хабаррлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.
"16 желтоқсанда сағат 08:50-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (нөлден төмен температурада жаңбыр жауады, қатты көктайғақ) республикалық маңызы бар А- 2 "Алматы-Ташкент-Термез" км 59 (Жаңақұрлыс ауылы) - 143 км (Жамбыл облысының шекарасы) автомобиль жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты 12 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында "Тараз-Алматы" бағытындағы облыстық маңызы бар Меркі-Қайнар, Қордай-Шу, Меркі-Қордай жолдарында кезең-кезеңімен көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. Осы бағытта жолда қалған 2708 адам құтқарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051168-almaty-taskent-termez-taszoly-koktaigaqqa-bailanysty-zabyldy/