Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үрейлі, ауыр және ұят": Бишімбаевтың бірінші әйелі Салтанат Нүкенованың өлімі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Назым Бишімбаева
Назым Бишімбаева. Фото: instagram.com/nazymkakharman

Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Салтанат Нүкенованың өлімі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Назым Бишімбаева Instagram-аккаунтында жазба жариялады, онда ол өзіне де, балаларына да болған жағдайды түсіну үшін уақыт қажет болғанын жазған.

"Үнсіздікті тоқтатайын деп ұйғардым. Салтанаттың қайғыға ұшыратқан өлімінен 40 күннен аса уақыт өтті. Өзіме де, балаларыма да болған оқиғаны түсіну үшін, санамда қорыту үшін уақыт керек. Балаларымызбен Салтанаттың туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазған ол.

Назым Бишімбаева Салтанатпен жеке таныс болмағанын айтты, бірақ балалары оны жарқын жүзді, қайырымды әрі өте ақкөңіл адам ретінде таныған.

"Бұл қайғылы оқиғаның ауырлығы - оларға қамқор, қолдаушы әрі үлгі болуға тиіс жақын адамның жасағанында. Ал оның орнына - үрейлі, ұят және өте ауыр. Балаларымның басына түскен қиындықтарға қарамастан, олар әрқашан қайырымды әрі мейірбан болып өсетініне сенемін", - деп жазды ол.

Салтанат Нүкенованың өлімі

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша істі президент Қасым-Жомарт Тоқаев бақылауға алғаны хабарланған.

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052968-ureili-auyr-zane-uyat-bisimbaevtyn-birinsi-aieli-saltanat-nukenovanyn-olimi-turaly-pikir-bildirdi/

pixel