jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жаңа жылда Астанада отшашу бола ма: әкімдік жауап берді

Отшашу
Отшашу. Көрнекі фото: pexels.com

Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев астаналықтар үшін 31 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"31 желтоқсанда отшашу болады, қазір қай жерде болатынын нақтылап жатырмыз. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланады. Біз шамамен Expo-дағы бас шырша орналасқан аумақта болатын шығар деп жоспарладық", - деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.

Еске сала кетейік, Астанада 17 желтоқсанда бас шыршаның шамы жанды. Бас шырша Expo көрмесіндегі "Нұр Әлем" павильонының жанында орналасқан.

Кейін Астана әкімі елорданы Жаңа жылға безендіруге қанша қаражат жұмсалғанын айтқан болатын.

Жаңа жылда Астанада отшашу бола ма: әкімдік жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.