Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңажылдық мереке күндері қоғамдық көліктер азаяды

Опубликовано:

Қоғамдық көлік
Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаңажылдық демалыс күндері жолаушылар ағыны төмендеуіне байланысты Алматыда қоғамдық көлік аз жүреді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарға қарағанда, жыл сайын жаңажылдық мереке күндері Алматыда жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді екен.

"Мысалы 2022-2023 жылғы жаңажылдық демалыс күндері, Көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адамға тең болады, ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға жетеді", - делінген хабарда.

Алдағы жаңажылдық мерекелерде Алматыда қоғамдық көлік мынадай кесте бойынша жұмыс істейді:

  • 2023 жылғы 30 және 31 желтоқсан және 2024 жылғы 2 қаңтар – штаттық режимде 23:00-ге дейін, жылжымалы құрамның 80 пайызы желіде болады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді деп күтіледі, осыған байланысты желіге автобустардың 50 пайызы ғана шығарылады.

Алайда "Медеуге" апаратын №12 маршрутта 20 автобус қатынайды, демалыс күнінің кестесі бойынша 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейді. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.

"Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін, қозғалыс аралығы 12 минутпен жүреді", - дейді әкімдіктегілер.

Ал бұған дейін жаңажылдық мерекелерде ХҚКО мен МХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін хабарлаған едік.

Еске салайық, бес күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар жаңа жылға орай төрт күн қатарынан демалады: алдымен сенбі мен жексенбі – 30 және 31 желтоқсан, содан кейін ресми мереке күндері – 1 және 2 қаңтар. 3 қаңтар – жұмыс күні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053137-almatyda-zanazyldyq-mereke-kunderi-qogamdyq-kolikter-azayady/

pixel