jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Астаналықтар Жаңа жыл түні отшашуды қайдан тамашалай алады

Отшашу
Отшашу. Көрнекі фото: Pexels.com

Елорда әкімдігі өкілдері астаналықтар Жаңа жыл түні мерекелік отшашуды қайдан тамашалай алатынын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ведомство баспасөз қызметі өкілдері отшашу екі локацияда болатынын айтты, біріншісі Ботаникалық бақта, екіншісі "Атырау" көпірінің маңындағы алаңда.

Әр локацияда шамамен 1 мың отшашу болады. Сондай-ақ Жаңа жыл түні елордада мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін "Жаңа жыл түні" атты жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді. Жаңажылдық мерекелік бағдарлама тұрғын алаптарда да өткізіледі, дейді әкімдіктегілер.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Астананың бас шыршасының шамдары жағылды – ол EXPO-да "Нұр Әлем" павильонының жанында орналасқан.

Кейін Астана әкімі елорданы Жаңа жылға орай безендіруге қанша қаражат жұмсалғанын айтып берген еді.

Астаналықтар Жаңа жыл түні отшашуды қайдан тамашалай алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.