Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін беске білемін": 10 жасынан көлік жөндеуді меңгерген ақтөбелік студент Францияда өтетін байқауға жолдама алды

Жарияланған күні:

Роберт Мифтахетдинов
Роберт Мифтахетдинов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бала күннен электромеханиканы меңгерген ақтөбелік студент автомобиль қозғалтқыштарын шашып, сапалы жинаудың шебері атанып үлгерді. Роберт Мифтахетдинов Ақтөбе автожол колледжі автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу мамандығының 3 курс студенті. Қазір ол халықаралық байқауға дайындық үстінде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қостанай тұрғындары қаладағы саяжайды сүруге қарсы шықты

"WorldSkills Kazakhstan-2023" байқауының жеңіл көлікке қызмет көрсету бағыты бойынша жеңімпаз атанған ол Францияда бақ сынайды. Әлемдік байқау 2024 жылдың күзінде өтеді.

"Республикалық байқауға үш ай бойы дайындалдым. 20 адамның ішінен бірінші орын алдым. Конкурста көлік қозғалтқышын және өзге де бөлшектерін жөндедім. Электр диагностикасын жасадым. Мен үшін еш қиындық болмады. Бұл жұмыстың бәрін беске білемін. Себебі 10 жасымнан көлік жөндеймін. Әкем көлік жөндегенде үнемі жанында жүріп үйрендім. Қазір жұмыс істеймін, әрі оқып жүрмін. Әкем кәсіби слесарь. Алдағы уақытта мен де кәнігі маман болғым келеді. Көліктің бар қыр-сырын үйреніп, автосервис ашуды ойлап жүрмін", - деді Роберт Мифтахетдинов.

Жұмысшы мамандарды даярлау мақсатындағы байқаудан үздік нәтиже көрсеткен 18 жастағы студент Ақтөбе облысының "Жыл адамы" номинациясын алды. Студент енді жаңа техникаларды, қытайлық электромобильдің құрылысын үйренуге күш салып жүр. Жанында жетекшісі бар.

"WorldSkills Kazakhstan-2023" байқауы әлеумдік жоба. Жұмысшы мамандықтарын шыңдау мақсатында екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Бұған дейін де біздің колледжіміздің студенті жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету жөндеу компетенциясы бойынша Германияда өткен әлемдік чемпионатқа қатысып келді. Қазір Роберт осы істі жалғастырып отыр. Байқауда ақау табу, өлшеу, қызмет көрсету, жөндеу, реттеу деген көптеген жұмысты сапалы атқаруға тиіс. Бұл - икемділік пен шеберлікті қажет ететін жұмыс. Техникалық қауіпсіздікті сақтауы байқау кезінде ескеріледі. Бұл жұмысшы мамандықтарына жастарды тарту, ынталандыруға бағытталған", - деді Ақтөбе автожол колледжі директорының орынбасары Ерлан Сафин.

Роберт алдағы уақытта бұдан да жақсы жетістікке жету үшін ағылшын тілін меңгеріп, электр мобильдердің құрылысын оқып жүр.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053386-barin-beske-bilemin-10-zasynan-kolik-zondeudi-mengergen-aqtobelik-student-franciyada-otetin-baiqauga-zoldama-aldy/