Оралда газ жарылысы болған дәмхананы жалға алушы ұсталды
Жарияланған күні:
Оралда үш адам қаза тапқан дәмханадағы жарылысқа қатысты тергеу жұмыстарын басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Батыс Қазақстан прокуратурасының мәлімдеуінше, дәмханада болған өрт пен адамдардың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Ведомства мәліметіне сүйенсек, күдікті – дәмхананы жалға алушы.
"6 қаңтарда осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жедел-тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындаған.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Оралда дәмханада газ жарылысы болып, ғимарат қираған еді. Оқиға салдарынан екі адам қаза болғаны хабарланған.
Ал кейінірек үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054235-oralda-zarylys-bolgan-damxanany-zalga-alusy-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.