Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуі аяқталғанын растады

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

ҚР ІІМ ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын растады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Астана қаласының полиция департаменті С. Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство өкілдері "Гастроцентр" директорына қатысты қылмыстық істі тергеу де аяқталғанын айтты.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Уразбахова бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054485-iim-saltanat-nukenovany-oltiru-deregi-boiynsa-qylmystyq-is-tergeui-ayaqtalganyn-rastady/