Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот шешімі: Боранбаев Беларусьтегі бұрынғы McDonald's мейрамханаларынан айырылып қалды

Опубликовано:

Беларусьтегі Mak.by мейрамханасы
Беларусьтегі Mak.by мейрамханасы. Фото: instagram.com/mak.by_official

Беларусьтің Мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті Mak.by (бұрынғы McDonald's) мейрамханаларын оның иесінен сот арқылы алып қойған - бұл үкім былтырғы күзде шыққан, бірақ сот үкіміне шағым түсірілген.

Ведомство Сингапурда тіркелген KSB VICTORY RESTAURANTS PTE.LTD компаниясын сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды Еврорадио.

10 қазанда тиісті шешім шыққан, алайда компания Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым түсірген. 10 қаңтарда апелляциялық шағым қаралған.

Айта кетейік, Жоғарғы сот қандай шешім шығарғаны туралы ақпарат әзірше жоқ. Басылым мәліметінше, бұл мейрамханалар Mcdonald's брендімен жұмыс істеген, бірақ компания Беларусьтен 2022 жылдың қарашасында ресейлік нарықтан шыққан соң кетіп қалған.

Жоспар бойынша, олардың орнына "Вкусно и точка" бренді келеді деп күтілген, бірақ президент Александр Лукашенко жұмысты жергілікті өндірушілер жалғастыру керегін талап еткен.

2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуіріне дейін мейрамханалар қандай да бір атаусыз жұмыс істеген. Ал сәуірдің ортасынан кейін Mak.by деген атаумен жұмыс істеген.

"Sputnik Беларусь" ақпаратына сенсек, Беларусьтегі McDonald's тез әзірленетін тағам мейрамханалар желісінің иесі - қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев.

Қайрат Боранбаев ісі

Еске салайық, биыл қарашада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды.

Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған. Биылғы наурызда Қайрат Боранбаевқа үкім шығарылған кезде сот одан мемлекет кірісіне мынадай активтерді тәркілеген еді:

  • Esentai mall СОСО мен Алматыдағы Esentai Tower бизнес-орталығы арасындағы құны 686 млн теңге болатын екі қабатты коммерциялық ғимарат;
  • Halyk bank шотына салынған 1,3 млрд теңге;
  • Halyk bank шотына салынған 5,7 млн доллар (2,7 млрд теңге);
  • Halyk bank шотындағы 1,17 млн доллар (560 млн теңге);
  • Halyk bank шотындағы 756 млн теңге;
  • Halyk bank шотындағы 193 млн теңге.

Сондай-ақ кәсіпкер табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеген. Үкім шығар алдында Боранбаев 90 млрд теңге тұратын активтерді мемлекетке ерікті түрде берген. Олардың ішінде:

  • 2,6 миллион тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын 13,2 млн текше метр газ қоры бар "Қаражанбас Северный" мұнай кен орны;
  • Нарықтық құны шамамен 14 млрд теңге болатын тауардық газды тасымалдаумен және өткізумен айналысатын "Азия газ Чунджа" газ тарату компаниясы;
  • Құны 9 миллиард теңгеден асатын "ҚазТурбоРемонт сервистік орталығы" мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты;
  • Астана орталығындағы құны 1,4 млрд-тан асатын 4 жұлдызды қонақүй;
  • "Алмалы" сауда және ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтарының желісі және Almaty towers бизнес-орталығындағы кеңсе бөлмелері (жалпы құны 33,8 млрд теңге) бар.

Ал былтырғы 22 желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген активтер туралы айтып берген. Қала әкімі Астананың меншігіне тек "Comfort отель" қонақүйі берілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054993-sot-sesimi-boranbaev-belarustegi-buryngy-mcdonalds-meiramxanalarynan-aiyrylyp-qaldy/

pixel