jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Арбасы жоқ, қолында таяғы ғана": Жүрсін Ерман денсаулығы жақсарып, аяққа тұрды

Жүрсін Ерман, Қазірет Бердіхан
Жүрсін Ерман, Қазірет Бердіхан. Фото: instagram/kazyret_berdikhan

Кейінгі жылдары денсаулығы сыр беріп жүрген танымал ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның аяққа тұрғанын айтыскер Қазірет Бердіхан хабарлады. Қуанышты жаңалықты ақын Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар. Бұйырса осы фотодағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін", - деп жазды Қазірет Бердіхан.

Еске сала кетейік, былтыр айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Сонымен қатар Жүрсін Ерман Еуропада емделген болатын. Ол ем алып жатқан Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдаған еді.

Айта кетейік, былтыр Жүрсін Ерман "Отан" орденімен марапатталды.

"Арбасы жоқ, қолында таяғы ғана": Жүрсін Ерман денсаулығы жақсарып, аяққа тұрды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.