Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 23 қаңтарда мектептер мен колледждерде бірінші ауысымда сабақ болмайды

Жарияланған күні:

Партадағы мектеп құралдары
Сынып іші. Фото: pexels.com

Жер сілкінісі және одан кейінгі жағдайларға байланысты Алматыда мектептер мен колледждерде түске дейінгі сабақтар өтпейтін болды. Бұл туралы қаланың білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайды.

Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша", - делінген Алматы қаласының білім басқармасының хабарламасында.

Алматыдағы жер сілкінісі

23 қаңтарда сағат 00:09-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. ТЖД ақпаратынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 6,7. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Желіде тұрғындар жер сілкінісінен соң жаппай көшеге шығып жатқаны көрсетілген видеолар тарады.

Кейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар, сондай-ақ ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түспегенін хабарлады. Сондай-ақ ол азаматтардан қауіпсіз жерге шығуды сұрады.

Сонымен бірге Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қалада тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Оның сөзінше, зілзала магнитудасы 2-3 болған.

Бұдан бөлек, Атығаев желіде тарап жатқан таңғы сағат бесте жер сілкінісі қайталанатыны туралы хабарды жоққа шығарды.

Ал Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, кептеліс болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары қолмен реттеуге көшті.

Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды үйлерінің есігін жабуға шақырды.

Одан бөлек, Алматы әкімдігі қалада жер сілкінісі салдарынан қирау фактілері болды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қалада жақын уақытта жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін хабарлады. Оның айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары сезінген жер сілкіністері афтершок болып табылады. Мұны Орталық Азияның барлық дерлік елі сезінген.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгін түнде болған жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ екенін, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Қалалық ТЖД жер сілкінісіне байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 телефон нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Мегаполис басшысы Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізгені, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056914-almatyda-23-qantarda-mektepter-men-kolledzderde-birinsi-auysymda-sabaq-bolmaidy/