Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сирена не үшін қосылмады: қалалық ТЖД бастығы жауап берді

Опубликовано:

Жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан тұрғындар
Алматы. Жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан тұрғындар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев бүгінгі брифингте Алматыда жер сілкінісі кезінде неліктен дабыл жүйелері қосылмағанын, SMS хабарламалар жіберілмегені туралы сұраққа жауап берді. Бұшл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды

Бұл сұрақтарды қойғанда журналистер күн сайын тұман және ауа райының қолайсыздығы туралы SMS-хабарламалардың келетінін атап өтті. Бірақ көптеген алматылық жер сілкінісі туралы хабарлама алмаған.

"Тәжірибеде көрсеткендей, бұл хабарламалар Алматы тұрғындарына кеш келіп түседі. Біріншіден, қалада тұрғын көп. Ұялы байланыс операторлары бұл ақпаратты өңдеп үлгермейді. Егер ауа райы жағдайына байланысты біз "Қазгидрометтен" алдын ала болжам алсақ: біз тұрғындарды ауа райы туралы бір күн бұрын хабардар ете бастаймыз... және сол себепті белгілі бір уақыттан кейін хабарлама келеді. Бұл жағдайда біз SMS-хабарламаларды жедел жіберу тәжірибесінен алшақтап кеттік", - деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Сондай-ақ ол қалада 843 электр сиренасының барын, бұл қаланы 100 пайыз қамтитынын атап өтті.

"Сиреналар сейсмикалық станциялар 5,5 балдан жоғары жер сілкінісін тіркеген кезде ғана іске қосылады. Бізде 4-тен 5 балға дейін тіркелді. Сондықтан сиренаны қосудың қажеті де, мәні да болған жоқ. Оны қосқан одан сайын дүрлігу болар еді", - деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жер асты дүмпулері әсіресе, Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056993-almatydagy-zer-silkinisi-sirenalar-nege-zumys-istemedi-degen-suraqqa-tzd-bastygy-zauap-berdi/

pixel