Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер сілкінісі болған түні Алматыдан қанша көлік шығып кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жер сілкінісінен кейін көшеде жүрген көліктер
Жер сілкінісінен кейін қаладан шығып бара жатқан көліктер. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Кеше түнде Алматыда жер сілкінісі болып, үрейленген тұрғындар жаппай далаға шықты. Олардың кейбірі қала маңында жер үйде тұратын туыстарының, таныстарының үйіне жетіп алуға асықты. Осыдан кейін қалада көлік кептелісі байқалды. Осы орайда қаладан қанша көлік шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Sergek Group арнасының мәліметінше, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда көлік қозғалысының күрт өскені байқалған. Бұл сағат 00:09-да тіркелген жер сілкінісінен кейін болған. Өткен аптамен салыстырғанда қозғалыс белсенділігі 4,5 есе артқан.

Қозғалыс белсенділігінің ең жоғары қарқыны түн ортасынан кейінгі алғашқы жарты сағатта байқалған. Сағат 01:00-де кейін қозғалыс бірте-бірте бәсеңдеп, таңғы 5-ке таман жағдай тұрақталған.

Сонымен қатар жер асты дүмпулерінен кейінгі алғашқы сағатта қала жолдарындағы көліктердің саны 40 пайызға, яғни 168 мыңға дейін артып, кейінірек 208 мыңға жеткен.

"23 қаңтарға қараған түні 19 мыңға жуық көлік Алматыдан шығып кеткен. Бұл өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 152 пайызға көп", - делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Сондай-ақ Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болған еді. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

23 қаңтар сағат 17:00-дегі ақпарат бойынша Алматы ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-сі бала.

Бұдан бөлек желіде Алматыда жер сілкінісі кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы, сонымен қатар Алматыдағы супермаркетте түсірілген видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057101-zer-silkinisi-bolgan-tuni-almatydan-qansa-kolik-sygyp-ketti/