Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы қаласы
Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандық сейсмологтар түнде тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Алматыда жер дүмпуі 2 балды құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының сайтының мәліметінше, 24 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 02:38-де жаңа жер сілкінген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

MSK-64 шкаласы бойынша Алматы 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Сондай-ақ Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болған еді. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

23 қаңтар сағат 17:00-дегі ақпарат бойынша Алматы ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-сі бала.

Бұдан бөлек желіде Алматыда жер сілкінісі кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы, сонымен қатар Алматыдағы супермаркетте түсірілген видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057172-almatyda-tagy-da-2-baldyq-zer-silkinisi-tirkeldi/