Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда күн бұзылды: оңтүстікте бір шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды (видео)

Опубликовано:

Тас жолда жиналып қалған көліктер
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: instagram.com/adilet_rakhmetolla

Кеше Қазақстанда күн райы қайта бұзылды. Қарлы боран мен көктайғақтан бірқатар өңірде жолдар жабылып, тасжолдарда кептеліс пайда болды, деп хабарлайды КТК телеарна.

Телеарна ақпаратынша, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы тасжолдарда жағдай қиындады. Осы екі облыстың шекарасында көп тонналық жүк көліктері мен жеңіл көліктер жиналып қалды. Тасжол жабылғандықтан, көліктер ен далада ауа райы жақсарғанын күтіп тұр.

Дәл осындай көрініс Тараздан Шымкентке қарай шыққан жолда да байқалды: онда 100-ден астам көлік жиналып қалды. Көктайғақтың салдарынан жүргізушілер зардап шекпеуі үшін полиция жолды жапқан.

Елдің батысында да күн бұзылды. Ақтөбеде екі күннен бері қар жауып тұр. Синоптиктердің айтуынша, қаңтарда облыста қар екі есе көп жауған.

Қар әлі жауа түседі деп күтілуде. Ал келесі аптада ауа температурасы нөлден жоғары болады деп болжанды. Сондықтан коммуналдық қызметкерлердің міндеті – қарды тезірек полигонға шығару.

"Техникалық құралдардың жеткіліксіздігінен және жұмысты атқара алмағандықтан 14 мердігердің бірін сотқа беріп, онымен келісімшартты бұздық. Қаңтар басталғалы бері қаладан барлығы 90 мың текше метр қар шығарылды", - деді Ақтөбе қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айдарбек Жұмабек.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, кеше, 31 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының ірі жол апаты болып, 25 адам зардап шеккенін жазған едік. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) тас жолда 26 көлік атап айтқанда, 4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл автокөліктер соқтығысқан.

Ал синоптиктер ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау, Қостанай облыстарының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058564-qazaqstanda-kun-buzyldy-ontustikte-bir-saqyrymga-sozylgan-kolik-keptelisi-paida-boldy-video/

pixel