Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық профессор түйе сүтінен ерекше сусын ойлап тапты

Жарияланған күні:

жаңа сусын
Профессор София Сағындықова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атыраулық профессор София Сағындықова түйе сүтінен ерекше сусын ойлап тапты. Ғылым және жоғары білім министрлігінің грантына ие болған жаңа өнім қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы дейді профессор. Сусынды зауытта дайындап, жақында дүкен сөрелеріне сатылымға шығаруды жоспарлап отыр, деп хабалайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

София Сағындықова – Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы. Түйе сүтінен дайындалатын сусындарды бұрыннан зерттеп келеді.

"Анам қант диабетімен ауырды. Сол кезде ол кісіге шұбат бердік. Ал нәжісті қатырмас үшін қант қызылшасын үккіштен өткізіп беріп жүрдік. Сол уақытта мен академик Майя Шығаеваға келіп, түйе сүті мен қант қызылшасын араластырып денсаулыққа пайдалы сусын жасауды ұсындым. Ол кісі қолдады. Осылайша кейін "Софмайя" сусыны пайда болды. Бұл жоба арқылы қазақстандық және шетелдік гранттардың жеңіпазы болдық", - дейді София Зұлхарнайқызы.

Бірақ осы уақытқа дейін жаңа өнім нарыққа шықпаған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы жеке компаниялардың бірі жаңа өнімді шығаруға қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ бұл өндіріске Ғылым қорының қолдауымен 403 млн теңге бөлінген.

"Түйе сүті Маңғыстау облысында сауылады. Кейін оны адамның ағзазысына қажетті микроорганзимдермен ашытамыз. Оған қызылша шырыны қосылып, толыққанда пайдалы сусын шығады. Бұл өнімде адам ағзасына пайдалы дәрумендер мол, қант диабеті дертімен ауыратын науқастарға шипалы болады. Тағы бір ерекшелігі – бұл ана мен баланың өміріне қажетті тағамдық қоректерді беретін органикалық сусын",- дейді профессор.

Жаңа сусын осы жылдың аяғына дейін жаңа технологиямен өңделіп, сатылымға шығады деп күтілуде.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059415-atyraulyq-professor-tuie-sutinen-erekse-susyn-oilap-tapty/