jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Жарықсыз қалған ақтөбеліктер жолды жауып тастады (видео)

Тұрғындар жолды жауып тұр
Көше бойы. Видеодан кадр: instagram.com/aqtobe_zello.04

Ақтөбеде қала әкімі жолды жауып тастаған Кірпішті тұрғын алабы аумағындағы бау-бақша ұжымдарының, Ясный елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қатты жел мен боран салдарынан қалаға қарасты бірқатар бау-бақша ұжымында электр жарығы сөнді. Кірпішті тұрғын алабының аумағындағы бау-бақша ұжымдарының, Ясный елді мекенінің учаскелерінің тұрғындарымен қала әкімі Азамат Бекет барып кездесті", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, қала басшысы трансформаторлық станцияларға электрші мамандармен бірге барып, жұмысты тұрғындармен бірге бақылаған.

Сондай-ақ қазір қала бойынша "Энергосистема" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 20 бригадасы электр тарату желілерінің үзілген учаскелерін жөндеп жатқаны мәлім болды.

7 ақпан күні Ақтөбенің әкімі жел екпінінің күшеюі салдарынан кейбір бау-бақшаларда электр жарығы сөнгенін, "Энергосистема" мекемесі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Бұған қоса ақтүтек боранда шақыртуға шыққан ақтөбелік фельдшерлер діттеген жерге еңбектеп жеткені туралы жазған едік.

Жарықсыз қалған ақтөбеліктер жолды жауып тастады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.