Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы лай көшкіні: Досаев тау беткейлеріндегі құрылысты бақылау күшейтілетінін айтты

Опубликовано:

Ерболат Досаев қала тұрғындары алдында баяндама жасап тұр
Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде "Тау Самалындағы" қайғылы жағдай тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды одан әрі күшейту қажет екенін көрсеткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кеше "Тау Самалы" шағын ауданы Олимпийская көшесінде қайғылы оқиға болды, техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты лай көшкіні біздің азаматтардың өмірін қиып кетті.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысымен бөлісіп, орны толмас қазаға көңіл айтамын. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру және еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмекті көрсетеді", - деді қала басшысы.

Ол тік таулы беткейлерде құрылыс салу мәселесі барлық алматылық пен Медеу ауданының тұрғындарын бірнеше жылдан бері толғандырып келе жатқанын атап өтті.

"2022 жылдың маусым айында Алматы қаласының әкімдігі мәслихатпен 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады.

Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыс салу бойынша анықталған 54 фактіден сотқа 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына қанағаттандырылды, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда.

Біз басталған жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниеттіміз, өкінішке қарай, "Тау Самалындағы" қайғылы оқиға тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды одан әрі күшейту қажеттігін тағы да дәлелдеді", - деді әкім.

Алматыдағы лай көшкіні

Еске салайық, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

Бүгін лай көшкіні салдарынан қираған үйдің астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімнің денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060039-almatydagy-lai-koskini-dosaev-tau-betkeilerindegi-qurylysty-baqylau-kuseitiletinin-aitty/

pixel